«Северсталь» - «Барыс» ойыны «Qazsport» телеарнасында
Құрлықтық хоккей лигасы аясының кезнекті ойын күнінде Череповец қаласында жергілікті «Северсталь» хоккей клубы елордалық «Барысты» қабылдайды. Екі команданың соңғы бес кездесуінің үшеуі қазақстандық клубтың пайдасына аяқталған.
Бүгінгі алаң қожайындары соңғы кездесуін «Динамо Минск» хоккей клубына қарсы ойнап, овер таймда 4:3 есебімен жеңген, ал Юрий Михайлис шәкірттері мәскеулік «Спартак» хоккей клубына 2:5 есебімен есе жіберді. Сонымен қатар «Барыс» соңғы төрт ойында жеңіске жете алмай келеді.
Турнирлік кестеде «Северсталь» Батыс Конференциясының алтыншы орнында, ал «Барыс» Шығыс Конференциясында оныншы орынға жайғасқан.
Ойынның басталу уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:55-те «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00