Басты Жаңалықтар Дэвис Кубогынде Қазақстан құрамасы Сербиямен кездеседі

Дэвис Кубогынде Қазақстан құрамасы Сербиямен кездеседі

Дэвис Кубогынде Қазақстан құрамасы Сербиямен кездеседі

Еуропаның үш бірдей қаласында (Мадрид, Турин, Инсбрук) өтіп жатқан Дэвис Кубогының 18 еоманда қатысқан топтық кезеңі артта қалды. Жаңа формат бойынша ширек финалға өткен 8 команда белгілі. 25 қараша мен 6 желтоқсан аралығында болатын турнирдің бүгін алғашқы ширек финалдық ойыны Хорватия және Италия құрамаларының арасында өтеді. Матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көре аласыздар. Трансляцияның басталу уақыты: Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:00

Ширек финалға Қазақстан құрамасы да жолдама алды. В тобында Швеция және Канада құрамаларын жеңіп, бірінші орын біздің құрама, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович бастаған, F тобында екінші орын алған Сербия құрамасына қарсы ойнайды.

Келесі жылы Дэвис Кубогының топтық кезеңінде тікелей ойнау үшін кем дегенде жартылай финалға шығу қажет.

Дэвис Кубогы, ширек финалдық ойындар:

Ресей - Швеция 

Ұлыбритания - Германия

Италия - Хорватия

Қазақстан - Сербия

Бөлісу