ТЕННИСШІ АННА ДАНИЛИНА ҮНДІСТАНДАҒЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында ITF W25 сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды.
Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жапониялық Фуна Козаки – Мисаки Мацудамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:0, 2:6,10:5 есебімен жеңіске жетті. Анна Данилина осылайша жұптық сында ITF World Tennis Tour додаларында спорттық жолындағы 23-інші, маусымдағы 9-титулына қол жеткізді. Сондай-ақ биыл Польшада WTA 250 жарысында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
«Осы аптадағы жеңісіміз үшін Валерия Страховаға алғысымды айтқым келеді. Енді елге келіп, бірнеше күн демаламын. Жаңажылдық мерекені өз отбасыммен өткізіп, сосын жаңа маусымға дайындаламын», - деді Анна Данилина.
Айта кетсек, Қазақстандық теннисші қазіргі кезде жұптық сында әлемдік рейтингіде 75-орында тұр.