Дэвис Кубогы. Норвегия - Қазақстан
Бүгін Дэвис Кубогы аясында Қазақстан және Норвегия құрамалары кездеседі. Жеңімпаз команда қараша айында өтетін турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алады.
Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша: Норвегияның бірінші ракеткасы Каспер Рууд алғашқы ойында Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкинмен кездессе, екінші ойында Александр Бублик норвегиялық Виктор Дурасовичпен жолығады.
Екінші күні жұптық ойындар жоспарланған. Каспер Рууд және Виктор Дурасович жұбына Александр Недовесов және Андрей Голубев қарсы ойнайды. Қос елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик пен Каспер Рууд ойынынан кейін кортқа Михаил Кукушкин мен Виктор Дурасович шығады.
Қазақстан - Норвегия ойыны бүгін 23:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.