Басты Жаңалықтар Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орыны белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орыны белгілі болды

Қазақстандық теннисшілердің  әлемдік рейтингтегі орыны белгілі болды

WTА (Әйелдер Теннис Ассоциясы) және АТР (Кәсіпқой Теннис Ассоциясы) рейтингін жаңартты.

Жекелей сында Елена Рыбакина 2261 ұпаймен 18 орында болса, Юлия Путинцева(1166) 46-орында, Зарина Дияс әлемдік ррейтингте 113-ші сатыда. Жұптық сында Анна Данилина 21-орынға тұрақтады.

Аустралиялық Эшли Барти спорттық мансабын аяқтаған соң, әйелдер теннисінде 20 жастағы поляк қызы Ига Швентек көш бастады. Өткен аптада Швентек Маямидегі Мастерс турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

WTA рейтингі. 04.04.2022

1. Ига Швентек (Польша) - 6711

2. Барбора Крейчикова (Чехия) - 4975

3. Паула Бадоса Хиберт (Испания) - 4970

18. Елена Рыбакина (Қазақстан) - 2261

46. Юлия Путинцева (Қазақстан) - 1166

113. Зарина Дияс (Қазақстан) -  599

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37- орынға жайғасты. Михаил Кукушкин 160, Дмитрий Попко 169, Тимофей Скатов 193-ші орында.

Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

АТР рейтингі. 04.04.2022

1.Новак Джокович (Сербия) - 8420

2. Даниил Медведев (Ресей) - 8410

3. Александр Зверев (Германия) - 7195

37.Александр Бублик (Қазақстан) - 1238

160. Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 385

169. Дмитрий Попко (Қазақстан) - 344

193. Тимофей Скатов (Қазақстан) - 304


Бөлісу