«Барыс» пен «Сарыарқа» ойындарын «KAZsport» көрсетеді
Күз келісімен ҚХЛ және ЖХЛ хоккей турнирлері де басталады. Ал қазақстандық хоккей командаларының ойындарын «KAZsport» телеарнасы көрсететін болады. Бұл туралы телеарна жетекшісі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
«KAZsport» телеарнасы ҚХЛ және ЖХЛ хоккей турнирлерінде ойнайтын қазақстандық командалардың ойынын көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде «Барыс» және «Сарыарқа» командаларымен келісіп те қойдық. Қазір «Қазцинк-Торпедомен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
8 қыркүйек күні «Барыс» пен «Сарыарқаның» ойындары бір мезгілде басталатындықтан, біз Астана уақытымен 19.00-де «Барысты» көрсетеміз. Кейін сағат 22.00-де көрермендер қарағандылық команданың ойынын жазба түрінде тамашалай алады»,-дейді телеарна басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00