«Барыс» жаңа маусымды жеңістен бастады
Астаналық «Барыс» хоккей клубы уфалық «Салават Юлаев» командасын 5:4 есебімен ұтып, Құрлықтық хоккей лигасынның (ҚХЛ) жаңа маусымын жеңістен бастады.
Ойынның 4-ші минутында «Барыс» сапынан Найджел Доус Кевин Даллмэн мен Брэндон Боченскидің көмегімен гол соқты. Осыдан кейін Доустың пасын пайдаланған Дастин Бойд екінші шайбаны соқты. Ал, ойынның 8-ші минутында Найджел Доус дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді.
Кездесудің екінші кезеңінде «Салават Юлаев» командасының ойыншысы Антти Пильстрем хет-трик жасап, есепті теңестірді. Ал Егор Дубровскийдің шайбасынан кейін қонақтар 3:4 есебімен алға шықты.
Үшінші кезеңнің басында Кевин Даллмэн шайба соғып, қазақстандық команда есепті теңестірді. Ал, ойынның соңғы секундында шайба соққан Найджел Доус хет-трик жасап, «Барысқа» алғашқы жеңісті әкелді.
Енді «Барыс» келесі кездесуде Хабаровск қаласының «Амур» командасын қабылдайды. Айта кетейік, бұл кездесуді «KAZsport» телеарнасынан сағат 17:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00