Мюнхендік «Бавария» Еуропада жаңа рекордқа қол жеткізді
Еуропада футбол маусымы аяқталуға жақын. Дәл қазіргі уақытта екі елдің чемпионы анықталып қойды.
Бундеслиганың 31 турында мюнхендік «Бавария» дортмундтық «Боруссияны» 3:1 есебімен жеңіп, қатарынан 10 рет Германия біріншілігінде топ жарды.
Осылайша, Юлиан Нагельсманн шәкірттері туриндік «Ювентустың» рекордын жаңартты. Осыған дейін «қарт сеньора» А сериясын қатарынан 9 мәрте жеңген болатын.
Сонымен қатар жексенбі күнгі ойын күнінде «Пари-сен-жермен» Францияның бірінші Лигасының жеңімпазы атанды. 34 тур аясында өткен ойында «Ланс» командасымен 1:1 есебімен тең тарқасқан Моурисио Почеттино шәкірттері мерзімінен бұрын ел чемпионатында топ жарды. Бұл «ПСЖ» командасының 10-шы чемпиондық атағы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания араға 16 жыл салып Әлем чемпионы атанды!
20.07.2026, 08:49
Англия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
19.07.2026, 09:40
Испания - Аргентина: Тікелей эфир!
19.07.2026, 09:00
Франция - Англия: Тікелей эфир!
18.07.2026, 10:10
Франция – Англия: Тікелей эфир!
18.07.2026, 10:00
Дидье Дешам Франция құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді
16.07.2026, 12:25
Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының финалында
16.07.2026, 09:00
Англия - Аргентина: Тікелей эфир!
15.07.2026, 16:00