Хоккей. Андрей Назаров Талғат Жайлауовты Валерий Буремен салыстырды
Астаналық «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаров команданың ойыншысы Талғат Жайлауовтың атақты хоккейшілер Валерий Буре мен Джером Игинлаға ұқсайтынын айтты.
«Талғат – команданың моторы. Оның кейбір қасиеті менің «Калгаридағы» («Калгари Флэймз», ҰХЛ командасы) бірінші бестіктегі әріптестерім Валерий Буре мен Джером Игинлаға ұқсайды. Не болса да, ол Джером сияқты мықты, Валерий сияқты шапшаң. Көптеген жарақаттың кесірінен Жайлауовтың өз бабына келе алмай жүргені алаңдатады. Алайда оның болашағы әлі алда. Біз оны ақырындап ойындарға шығаратын боламыз.
Сондықтан, дүйсенбі күні «Адмиралмен» болатын ойында Талғат жақсы ойын көрсетеді деген ойдамыз», - деп келтіреді бапкердің сөзін «Спорт-Экспресс».
Естеріңізге сала кетейік, Андрей Назаров шәкірттері бүгін Владивосток қаласының «Амур» клубымен ойнайды. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен 19:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00