Басты Жаңалықтар Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев кеңейтілген құрамды жариялады.

Еліміздің басты командасы маусым айында Ұлттар Лигасының аясында төрт ойын: Әзірбайжан құрамасына қарсы екі рет, Словакия және Беларусь ұлттық құрамасымен өткізеді. 24 мамырда арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін кеңейтілген құрам Нұр-Сұлтан қаласында бас қосады.

Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қаиров (барлығы - «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Марат Быстров «Ахмат», Ресей) Нұралы Әліп («Зенит», Ресей) Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Кусяпов («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы - «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де - «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы - «Ақтөбе»)

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Аймбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»)

Бөлісу