Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Лондон қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Алғашқы айналымда әлемнің 164-ші ракеткасы Коко Вандевегені (АҚШ) 1 сағат 41 минут ішінде 7:6, (2) 7:5 есебімен жеңген Елена екінші айналымда румыниялық Бьянка Андреескумен кездеседі.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева екі сеттің қорытындысында 3:6, 6:7 (6) француз теннисшісі Ализе Корнеге жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған болатын. Сонымен қатар, Михаил Кукушкин турнирдің 29-шы ракеткасы АҚШ өкілі Дженсон Бруксбиге 3:6, 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Бүгінгі үшінші жарыс күнінде Александр Бублик серб Душан Лайовичпен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 20:30-да басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00