Тарихи сәт! Елена Рыбакина «Уимблдон» финалында
Әлемнің 23-ші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» жарысында тарихи нәтижеге қол жеткізіп, финалға жолдама алды. Жартылай финалдық кездесуде қазақстанның бірінші ракеткасы жарыстың 2019 жылғы жеңімпазы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Теннисшілер Уимблдон қалашығындағы орталық кортта 1 сағат 17 минут өткізді.
Рыбакина чемпиондық атақты әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен сарапқа салады. Тунис теннисшісі жартылай финалда германиялық Татьяна Марияны 1 сағат 43 минутта 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңген болатын. Екі теннисші де спорттық мансаптарында алғаш рет «Grand Slam» жарысының финалында өнер көрсетеді.
Финалдық ойын сенбі күні елорда уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00