«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «WTT CONTENDER ALMATY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫН КӨРСЕТЕДІ

«QAZSPORT» телеарнасы 13-18 қыркүйек аралығында Алматыдағы «ADD» үстел теннисі орталығында өтетін үстел теннисінен «WTT Contender Almaty» халықаралық жарысын көрсетеді.

Бұл жарысқа әлемнің 28 мемлекетінен 140 спортшы қатысады. Қазақстан әлемдік деңгейде Contender сериясындағы жарысты алғаш рет қабылдап отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 75 мың АҚШ доллары.

Бұл халықаралық жарысқа үстел теннисінің әлемдік деңгейдегі майталмандары қатысады. Атап айтсақ, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері, Әлем кубогының иегері Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Тайпей), Әем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-Хен (Оңтүстік Корея) және тағы басқалар бар.

ITTF және WTT ережесіне сәйкес, бұл жарыста ел намысын 11 ер және 11 әйел спортшы қорғайды. Олардың қатарында: құрама көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиадаларының қатысушысы Кирилл Герасименко, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиевв бар.

Жерлестерімізге бірге жанкүйер болайық!


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды
Әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі
Бокстан Әлем чемпионы Аида Әбікееваға көлік сыйлады