Басты Жаңалықтар «Astana Open» АТР 500 жарысының үшінші күнінің қорытындысы

«Astana Open» АТР 500 жарысының үшінші күнінің қорытындысы

«Astana Open» АТР 500 жарысының үшінші күнінің қорытындысы

Елорда төрінде «Astana Open» турнирі жалғасуда. Бүгінгі үшінші жарыс күнінде «Beeline Arena» кортына таңғы сессияда әлемнің 9-шы ракеткасы Андрей Рублев, турнирдің басты сенсациясы қытайлық Чжичжэнь Чжанмен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Андрей спортшылар арасынан алғаш болып, ширек финалға жолдама алды. 1/4 финалда Андрей француз Адриен Маннариномен жолығады. Бұл ойын 7-ші қазанға жоспарланған. Сонымен қатар, ширек финалға Роберто Баутиста-Агут жолдама алды.

Күндізгі сессиядағы ойындар:

Марин Чилич (Хорватия) - Оскар Отте (Германия) 2:1 (5:7, 7:6 (4), 6:2)

Марк-Андреа Хуслер (Швейцария) - Эмил Руусувуори (Финляндия) 0:2 (0:6, 2:6)

Давид Гоффен (Бельгия) - Адриен Маннарино (Франция) 1:2 (6:3, 1:6, 5:7)

Роберто Баутиста-Агут (Испания) - Павел Котов (Ресей) 2:0 (6:1, 7:6 (5) 

Үшінші жарыс күнінің басты кездесуі Новак Джокович пен Кристиан Гарин арасында болып, серб теннисшісі екі сетте, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ертеңгі төртінші ойын күнінде жарыс жолына Александр Бублик шығады. Әлемнің 43-ші ракеткасы поляк Хуберт Хуракачпен (#10) кездеседі.

Бөлісу