ЖХЛ. «Сарыарқа» мерзімінен бұрын чемпион атанды
Қарағандының хоккей клубы өз айдынында волжскілік «Ариада» клубын жеңді.
Осы жеңістен кейін хоккейшілер Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) жеңімпаз атануға жеткілікті ұпай жинаған, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Ойынның 12 минутында Сергей Елизаров және Денис Стасюктің көмегімен Сергей Огородников есеп ашты. Айналымның аяқталуына аз уақыт қалғанда Александр Торяник есепті еселеді. Ал, 40 секундтан соң Эрик Шевченко клубтың басымдығын арттыра түсті.
Екінші жиырма минут та өте тартысты өтті. Қонақтар қақпашысын ауыстырып, тәуекелге барды. Олар есепті бір шайбаға қысқартанымен, Константин Савенко олардың қақпасын тағы да нысанаға алды. Қонақтар екінші кезеңде екінші шайбасын да соғып үлгергенімен, ойын соңына дейін таблода 4:2 есебі қалды.
«Сарыарқа» келесі ойынды сырт алаңда өткізеді. Команданың қарсыласы – «Зауралье» (Қорған), «Спутник» (Нижний Тагил) және «Рубин» (Түмен).
«Сарыарқа» - «Ариада» 4:2 (3:0, 1:1, 0:1)
11:09 - 1:0 - Огородников Сергей (Елизаров Сергей, Стасюк Денис)
18:32 - 2:0 - Торяник Александр (Белухин Евгений, Угольников Александр)
19:10 - 3:0 - Шевченко Эрикс (Тамбиев Кирилл, Плеханов Андрей)
31:29 - 3:1 - Банцерев Евгений (Назаров Юрий, Чистяков Сергей)
32:03 - 4:1 - Савенков Константин (Ломако Олег, Елизаров Сергей)
42:38 - 4:2 - Камаев Денис (Королёв Владимир)
Қақпашылар: Ковач Владимир - Алистратов Данила
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25