Михайло Мудрик ресми түрде «Челси» ойыншысы атанды

Лондондық «Челси» 20 турдағы «Кристал Пэлас» командасымен болған дерби ойынының алдында украиналық Михайло Мудрикті ресми түрде таныстырды

Украина құрамасының ойыншысы үшін «Челси» донецкілік «Шахтерге» 100млн еуро көлемінде қаражат төлейді. Осыған дейін ойыншыға тағы бір лондондық «Арсеналдың» тарапынан қызығушылық болған. Дегенмен инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мудрикке Грэм Поттердің өзі хабарласып, ойыншыны «ақсүйектер» қатарына ауысуға көндірген.

Михайло лондондық командамен 2031 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Кейбір ақпараттар бойынша Мудрик жылына 7,5млн еуро жалақы алуы тиіс.

Осылайша Михайло трансфер барысында ауысым жасаған ең қымбат украиналық ойыншы атанды. Осыған дейін, ең қымбат ойыншы Андрей Шевченко болған. 2006 жылы «Милан» Андрейді «Челсиге» 44млн еуроға сатқан. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды