Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан бокстан Азия чемпионы атанды
Бокстан Тайландта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының қыздар арасындағы финалына екі отандасымыз шыққан еді.
70 келі. Жасмин Қизатова — Азиза Зокирова (Өзбекстан)
81 келі. Гүлсая Ержан — Порннипа Чути (Тайланд)
Сонымен қатар, ерлер арасындағы жарыста алты боксшымыз финалда ел намысын қорғайды. Ерлер арасындағы ақтық бәсекелер 26 қаңтарға жоспарланған.
48 келі. Санжар Ташкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)
54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек — Флинт Джара (Филиппин)
57 келі. Махмуд Сабырхан — Саравут Суктхет (Тайланд)
67 келі. Абзал Серік — Бехзод Хамидов (Өзбекстан)
71 келі. Сабыржан Аққалықов — Нурислом Исмоилов (Өзбекстан)
75 келі. Диас Молжігітов — Алохон Абдуллаев (Өзбекстан)
Азия Чемпионатының қола жүлдесін Талғат Сырымбетов (60 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (+92 келі) еншіледі.