«KAZsport» телеарнасы «Барыс» – «Авангард» ойынын тікелей эфирде көрсетеді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде омбының «Авангард» хоккей клубымен үшінші ойын өткізеді.
Осыған дейін екі ойынды сырт алаңда өткізген қазақстандық «Барыс» бір рет жеңіске жетіп, бір рет ұтылды.
Омбыдағы бірінші кездесуде «Авангард» клубы «Барысты» 5:2 есебімен ұтса, екінші мачта «Барыс» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Осылайша «Барыс» хоккей клубы сырт алаңнан тең нәтижемен оралған.
Енді, «Барыс» клубы өз алаңында «Авангардпен» екі ойын өткізеді. ҚХЛ аясындағы плей-офф кезеңінің «Барыс»-«Авангард» клубтары арасындағы үшінші кездесуді бүгін «KAZsport» телеарнасынан сағат 19:20 тікелей эфирде көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25