Тікелей эфир. «Барыс» – «Авангард»
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде омбының «Авангард» хоккей клубымен төртінші кездесу өткізеді.
Осыған дейін қазақстандық «Барыс» екі ойынды сырт және бір ойынды өз алаңда өткізген. Осы кездесулерде екі рет жеңіске жетіп, бір рет ұтылды.
Омбыдағы бірінші кездесуде «Авангард» клубы «Барысты» 5:2 есебімен ұтса, екінші мачта «Барыс» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Ал, 3 наурызда «Барыс» хоккей клубы өз алаңындағы алғашқы ойында 3:0 есебімен ұтып, сериядағы есепті 2:1-ге жеткізді. Айта кетейік, келесі кезеңге өту үшін команда төрт жеңіске жетуі тиіс.
ҚХЛ аясындағы плей-офф кезеңінің «Барыс»-«Авангард» клубтары арасындағы төртінші кездесуді бүгін «KAZsport» телеарнасынан сағат 19:20 тікелей эфирде көре аласыздар.
Сонымен қатар, «KAZsport» арнасы Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) аясында өтіп жатқан плей-офф кезеңіндегі ойындарды көрсетеді. 1/8 финалдық кезеңдегі қарағандылық «Сарыарқа» мен «Челмет» (Челябинск) арасындағы 5-ші матчы сағат 22:00-де тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25