Бокстан әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатының сыйақылары

Халықаралық Бокс Ассоциациясы алдағы Нью-Делиде (Үндістан) өтетін әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатының сыйақысын ресми түрде бекітті. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры 2,4 млн долларды құрайды. 

Барлық 12 салмақ жәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілетін сыйақы мөлшері:

Чемпион - 100 мың АҚШ доллары

Күміс жүлдегер - 50 мың АҚШ доллары

Қола жүлдегер - 25 мың АҚШ доллары

Үндістанда өтетін Әлем Чемпионаты Нью-Дели қаласындағы 6000 орындық  KD Jadhav жабық кешенінде 15-31 наурыз аралығына жоспарланған.

Бұрымдылар арасындағы Әлем Чемпионатына еліміздің құрамасы да қатысады.

Осыған дейін бірнеше мемлекеттің өкілдері ерлер және әйелдер арасындағы Чемпионатқа Ресей және Беларусь елдерінің спортшылары қатысатыны үшін бойкот жариялаған болатын. Олардың арасында: Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Польша, Ирландия, Канада, Швеция, Германия, Норвегия және Швейцария елдерінің құрамалары бар.

Ерлер арасындағы Әлем Чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Едіге Қасымбек еркін күрестен Әлем чемпионы атанды
Екатерина Таранцева Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Грек-рим күресінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы анықталды
Ресми: Доннарумма Парижден кетеді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Комментатор сөздігін» таныстырды
Загребте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады
Қос қазақстандық балуан Германияда өткен Гран-при турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді
World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды