Братина Кубогы. «Сарыарқаның» жартылай финалдағы қарсыласы – «Торос»
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ширек финалдың жетінші ойынында Ангарск қаласының «Ермак» командасымен кездескен.
Қарағандыда өткен кездесуде жерлестеріміз «Ермак» клубын 4:0 есебімен ұтты. Матчтың бірінші минутынан қарқынды шабуылдар ұйымдастырған «Сарыарқа» бірінші кезеңде екі шайба соқты. Олардың авторлары – Евгений Рымарев пен Михаил Паньшин.
Екінші кезеңде ойын теңеліп, шайба соғылмады. Ал, соңғы кезеңде ойын тағы тең болғанымен Денис Стасюк екі шайба соғып, қазақстандық командаға жеңіс әкелді. Осылайша ширек финалдағы серия 4:3 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына шешілді.
Енді қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы жартылай финалда Нефтекамск қаласының «Торос» командасымен кездеседі. Ал, екінші жартылай финалда «Ижсталь» (Ижевск) мен «ТХК» (Тверь) хоккейшілері ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25