Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын сәтті бастады!

Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді және Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан боксшылары екі жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы атынан шаршы алаңға алғашқы болып Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай шықты. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде біздің спортшылар жеңіске жетті.

60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов Таиланд елінің өкілі Сакда Руамтамменбокстасты. Отандасымыз алғашқы секундтардан бастап кездесу тізгінін өз қолында ұстап, айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде Талғат 5:0 есебімен басым түсті. Енді келесі айналымдаол Иордания боксшысы Абу Жаемен жұдырықтасады.

«Алғашқы болып шыққандықтан, маған үлкен сенім артылды. Жауапкершілікті түсіндім. Бапкерлермен бірге жоспарлағандай, барлығы ойдағыдай болды. Қалған жігіттерге сәттілік тілеймін», - деді Талғат Сырымбетов жекпе-жектен кейін.

Бұдан кейін, «Хумо-Арена» рингінде 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай өз өнерін ортаға салды. Азия чемпионы деген атағы бар Айбек ӘЧ қола жүлдегері - болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті.

Ташкенттегі әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Жүлделер үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері таласқа түсуде. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

Тікелей трансляцияларды «Qazaqstan» и «Qazsport»телеарналарының эфирінен көруге болады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері