Елена Рыбакина Әлемнің 4-ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған WTA (Woman Tennis Assotiation) рейтингінде төртінші орынға көтерілді. Осы маусымда Елена «Indian Wells» және Римде өткен Masters турнирлерін жеңіп, «Australian Open» және «Miami Оpen» жарысында финалда өнер көрсетті. 
Жыл басында, яғни қаңтар айында Австралияда өткен Үлкен Дулыға турнирінің финалында Арина Соболенкоға жеңіліп, екінші орын алған. Келесі Индиан Уэллсте өткен Masters жарысында Арина Соболенконы екі сетте жеңіп, жарыс жеңімпазы болды. Содан кейін Майами Оупен турнирінің финалына дейін жеткен Елена чехиялық Петра Квитоваға есе жіберді.

Грунт маусымы басталған уақытта жарақат алып, Мадрид пен Штутгарттағы жарыстардың алғашқы айналымдарында сүрінген Рыбакина Рим қаласындағы Мастерс жарысына жақсы дайындықпен келіп, финалға дейін жетті. Ақтық ойында Ангелина Калинина жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмай, Елена жарыстың жеңімпазы болып танылды.

Елена алдағы уақытта Roland Garros турниріне қатысады. Париж қаласында өтетін Grand Slam жарысы 28 мамыр мен 11 маусым аралығына жоспарланған. Қазақстандық теннисшілер жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Сонымен қатар Парижде өтетін Grand Slam турниріне Юлия Путинцева да қатысады. Ерлер арасында Александр Бублик жарысты негізгі кезеңнен бастайды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері