Қазақстан Ұлттық құрамасы Италия хоккейшілерін ұтып, элиталық дивизионға оралды
Польшаның Краков қаласында хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы ойындар аяқталды.
«А» тобында сынға түскен Қазақстан Ұлттық құрамасы соңғы кездесуін Италия құрамасына қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Шайба авторлары:
0:1 — 06:42 Рымарев (Худяков).
0:2 — 45:10 Жайлауов (Савенков).
0:3 — 53:39 Воронцов.
Осылайша барлық бес кездесуде жеңіске жеткен Қазақстан Ұлттық құрамасы 15 ұпаймен «А» тобында бірінші орын иеленді. Енді Қазақстан хоккейшілері Әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды.
Ал, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен астаналық «Барыстың» шабуылшысы Роман Старченко «Турнирдің ең бағалы ойыншысы» атанды. Ол төрт шайба соғып, екі рет нәтижелі пас берген.
Сонымен қатар, хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары Кевин Даллмэн «Үздік қорғаушы», ал Павел Полуэктов «Үздік қақпашы» атанды.
Айта кетейік, осыған дейін Андрей Назаровтың шәкірттері Украинаны 5:2, Венгрияны 5:0, Жапонияны 7:2 және Польша құрамасын 3:2 есебімен жеңген еді.
Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25