Бокстан ІІ «Елорда Кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды

Астана қаласында бокстан ІІ «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды. Шаршы алаң додасы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласының əкімдігі мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен Beeline Arena спорт кешенінде өтті. Демеушілері - «Самұрық Қазына» АҚ, «Туризм жəне спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративті қоры.

Апта бойы ерлер 13, əйелдер 12 салмақта кім мықтыны анықтады. «Елорда Кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынады. Ұлттық құрама сапында Олимпиада, əлем жəне Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері болғанын айта кетейік.

Жүлде қоры:

1-орын -700 USD

2-орын - 400 USD

3-орын – 200 USD (əрқайсына).

Осы тұста Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер қосыны турнир кезінде бірнеше салмақтағы негізгі боксшыны анықтап алғанын айта кеткен жөн. Мысалы, 57, 63,5 жəне 92 кг салмақта жақсы нəтиже көрсеткен спортшылар Ханьчжоудағы Азия ойындарына (Қытай) іріктеу кезінде қосымша мүмкіндік алады.

Ерлер арасындағы əр салмақтағы чемпион:

48 кг: Теміртас Жүсіпов

51 кг: Сəкен Бибосынов

54 кг: Тимур Қабдеш

57 кг: Махмұд Сабырхан

60 кг: Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)

63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов

67 кг: Шамшер Саидов (Тəжікстан)

71 кг: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Тоқтарбек Таңатхан

86 кг: Абзал Құттыбеков

92 кг: Сағындық Тоғамбай

+ 92 кг: Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Əйелдер арасындағы əр салмақтағы чемпион:

48 кг: Алуа Балқыбекова

50 кг: Назым Қызайбай

52 кг: Ву Ю (Қытай)

54 кг: Жайна Шекербекова

57 кг: Виктория Графеева

60 кг: Римма Волосенко

63 кг: Янг Ченгу (Қытай)

66 кг: Наталья Богданова

70 кг: Жасмин Қизатова

75 кг: Ли Кьян (Қытай)

81 кг: Ванг Лина (Қытай)

+ 81 кг: Елдана Талипова

Ерлер арасында биылғы турнирдің үздік боксшысы отандасымыз Махмұд Сабырхан (57 кг) атанса, əйелдер арасында бұл атақ қытайлық Янг Ченгуге (63 кг) бұйырды. Үздік рефери - Ерлан Ғазизов, үздік төреші Ғани Ысқақовқа берілді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері