ҚХЛ «Барыс» клубына жаңа аренада ойын өткізуге рұқсат берді
Құрлықтық хоккей лигасының инспекциялық комиссиясы Астанадағы көпфункционалды мұзайдынының ойын өткізуге дайын екені туралы шешім қабылдады.
ҚХЛ-дың осы уақытқа дейін болған инспекциялық тексерістерінен кейін арена мен «Барыс» ХК-ың басшылығы негізгі кемшіліктерді түзеді. Енді мұзайдыны ҚХЛ-дың барлық техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.
«Біз ҚХЛ-дың тағы бір клубы өз ойындарын заманауи әрі үлкен аренада ойын өткізе алатынына қуаныштымыз. Астанадағы мұзайдыны барлық талапқа сәйкес. Бұл Қазақстанда хоккейге деген үлкен қызығушылық бар екенінің дәлелі. Енді жаңа аренадағы мерекелік атмосфера ойыншылар мен жанкүйерлерге сезіліп, олар матчтардан керемет әсер алатынына сенімдімін», - деді ҚХЛ-дың вице-президенті Георгий Кобылянский.
Айта кетейік, бүгін, 28 қазанда, елордалық «Барыс» 11578 адам сиятын аренада өзінің алғашқы ойынын СКА командасымен өткізеді. Бұл кездесуді «KAZsport» телеарнасы 19:20-да тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30