Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.

– Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желбіресе, ұлтымыздың рухы асқақтайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент спортшыларымызға барлық қажетті жағдай жасалып жатқанына тоқталды.

– Елді мекендерде арнайы алаңдар салынып жатыр. Өткен жылдың өзінде 70-ке жуық спорт орталығы ашылды. Биыл тағы 200-ге жуық нысан салынады. Баршаңызға мәлім, Ұлттық олимпиада комитетінде өзгерістер болды. Олимпиада ойындарына дайындық штабы құрылды. Тәжірибелі мамандарды шақырдық. Белгілі спортшы Геннадий Головкин келді. Әр салада осындай өз ісінің нағыз шебері болуға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады. Біз – спортшыларға айрықша құрмет көрсететін елміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті спорт тарихында өшпес із қалдырған саңлақтарымыздың еңбегі әрқашан жоғары бағаланатынын жеткізді.

– Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасов, Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова атындағы спорт нысандары – соның айқын көрінісі. Сіздер де биік белесті бағындыра аласыздар. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгінгі жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді. Бұл – үлкен абырой, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бейбітшілік және ынтымақтастық саясатына еліміздің қашанда бейілді екеніне назар аударды

– Өткен аптада Астанада ШЫҰ саммиті табысты ұйымдастырылды. Бұл маңызы зор шараның басты мақсаты мемлекеттер мен халықтар арасындағы диалогты, достық пен сенімді нығайту болды. Мұндай басымдықтар күллі спорт әлеміне де тән. Өйткені кез келген спорт сайысы, ең алдымен, ынтымақтастықты, алға ұмтылысты және адамдардың бірлігін көрсетеді. Олимпиада ойындарының құндылықтары қарапайым спорт жетістіктерінен асып түседі. Ол – жекелеген спортшылардың да, тұтас мемлекеттердің де теңдігінің, өзара құрметі мен адал бәсекелестігінің жарқын бейнесі, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ел намысын абыроймен қорғауда спортшыларға жауапты миссия жүктелгенін айтып, оларға сәттілік тіледі.

– Бәріңіз Олимпиада жолдамасын иелену үшін көп күш жұмсадыңыздар. Өздеріңіздің асқан шеберліктеріңізді көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізетіндеріңізге сенімдімін. Сіздерге барша Қазақстан халқы қолдау көрсетеді. Әрине, чемпион болу оңай емес. Қазақта «Намысқа шапсаң – алысқа шабасың» деген сөз бар. Сондықтан жеңімпаз боласыздар деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергеновке табыстады. 

Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Іс-шарада бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова, дзюдодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов сөз сөйледі.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Даяна Федосова Паралимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды
  • Жаңалықтар
Нұрдәулет Жұмағали – Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Қазақстандық балуан Ислам Евлоев грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
  • Паралимпиада ойындары. Париж - 2024
Давид Дегтярев – XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы
  • Жаңалықтар
Үстел теннисінен WTT Contender Almaty жарысы басталды,
  • Жаңалықтар
Екі қазақстандық балуан қола медальға таласады
  • Жаңалықтар
  • Паралимпиада ойындары. Париж - 2024
Пара волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиаданың топтық кезеңде Египетке есе жіберді
  • Жаңалықтар
Волейболдан Қазақстан құрамасы Паралимпиадада Египетке есе жіберді
  • Жаңалықтар
  • Хоккей
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алу үшін Словакиядан жеңілді
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстандық боксшылар Еуразия Кубогында 13 медаль жеңіп алды
  • Жаңалықтар
ЕРКІН ҒАББАСОВ - ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
  • Жаңалықтар
Ризабек Аймұқан әлем чемпионатына қатысады
  • Жаңалықтар
  • Көшпенділер Ойындары
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – асық ату
  • Жаңалықтар
  • Көшпенділер Ойындары
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы айналымға шықты
  • Жаңалықтар
Париж – 2024: Паралимпиада ойындары қашан және қайда өтеді?
  • Жаңалықтар
Александр Шевченко спорттық мансабында алғаш рет «US Open» турнирінің екінші айналымында ойнайды
  • Жаңалықтар
  • Футзал
Иран мен Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матчтардың өтетін уақыты мен орны өзгерді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасының ойындарына арналған нақты ойыншылар тізімі