Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты
Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізуде.
Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті.
Ашылу салтанатын тамашалауға келген қонақтар қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді.
Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты.
Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волейболдан Қазақстан құрамасы есе жіберді
21.09.2026, 12:50
Азия ойындарының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды
20.09.2026, 17:04
ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты
18.09.2026, 18:00
Бессайысшыларымыз Азия ойындарының финалына жолдама алды
18.09.2026, 15:15
Волейболдан Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты
18.09.2026, 11:10
Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты
17.09.2026, 14:40
Дэвис кубогы: Қазақстан – Таиланд матчының жеребесі тартылды
17.09.2026, 14:04
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
17.09.2026, 09:50