Әмір Омарханов China Open турнирінің жеңімпазы атанды
Қытайда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасында әлемінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Бірінші сет тай-брейкте Бондинг алға шықты, алайда Омарханов соңғы екі партияны 6:0 және 6:4 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.
Бұл – Әмірдің ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы кубогы. Бұған дейін қарағандылық теннисші Таиландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және туған Қарағандыда (J60) өткен жарыстарда топ жарған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02