2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.
«2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп атап өтті Мырзабосынов.
Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35