Елордалық «Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры ясында астаналық «Барыс» Екатеринбургте «Автомобилист» командасын 4:2 есебімен сан соқтырды. «Уралец-Аренада» өткен тартысқа толы матчта есепті бірінші кезеңде астаналықтар сапынан Ярослав Евдокимов ашса, ойынның екінші бөлігінде Никита Михайлис 2:0-ге жеткізді. Айдын иелерінен Алексей Василевский есепті қысқартқанымен, Роман Старченко тағы да мергендігімен көзге түсті. Үшінші кезеңде Р.Старченко тағы бір голдың авторы атанса, матч соңында «Автомобилист» командасынан Александр Торченюк сан басымдылығын пайдалана алды. Осылайша, елордалықтар 4:2 есебімен көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік,  «Автомобилист» командасы ҚХЛ Шығыс конференциясында 90 ұпаймен үшінші орында келеді, яғни, Владимир Крикунов шәкірттерінің плей-офф бәсекелеріне жолдама алатыны анық. Соған қарамастан, бұл матч «Барыстың» әлі де плей-офф кезеңдерінен үмітті екенін көрсетті. Айта кетейік, Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері 21 қаңтар күні өз айдынында Тольяттидің «Лада» командасын қабылдайды. Ол матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты
Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀