Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жаңа басшы тағайындалды
Тастанбек Есентаев Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Тастанбек Есентаев 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтының бастауыш оқу және дене тәрбиесі, ал 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетінің құқықтану факультеттерін бітірген.
Сондай-ақ, Бангкоктағы тай боксы университетінде «Тай боксынан жаттықтырушы-инструктор» курсынан өткен. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан спорт шебері, кикбоксингтен қара белбеу иегері.
Ол балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде тай бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы, Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, Қарағанды облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
Тастанбек Есентаев агенттіктің бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановтың орнына келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00