Волейбол. Қазақстан Польшамен кездесті.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы әлемдік гран при жарысының екінші аптасы басталды. Әлемнің түкпір түкпірінде 20 команда ақтық сынға қатысуға мүмкіндік беретін жолдамалар үшін таласуда. Екінші кезеңде «Н» тобында өнер көрсететін Польша, Германия, Жапония және Қазақстан командалары Польшаның Плотск қаласына жиналды. Бірінші кезеңнен соң жеке дара топ бастап келе жатқан Жапония командасы алғашқы ойында 3:2 есебімен неміс қыздарын тізе бүктірді. Осыдан кейін Орлен Арена кешеніне жиналған жұрт Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы ойынды тамашалады. Кездесу басталысымен тізгінді қолға алған жергілікті команда отандастарымызға мүмкіндік бермеді.  Осылайша 3:0 есебімен ұтылған бұрымдыларымыз жалқы ұпайға да қол жеткізе алмады.Өкінішке қарай, Польша жерінде де Қазақстан құрамасының жолы болар емес. Жеңілістен көз ашпаған Александр Гутор шәкірттері Плотск қаласында тағы екі кездесу өткізетін болады. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды