Қазақ өнертапқышы төрт адам бір мезетте ойнай алатын шахмат ойлап тапты.
Қазақ өнертапқышы Азат Нұрдәулетұлы төрт адам бір мезетте ойнай алатын шахмат ойлап тапты. Төрт адам бір мезетте ойнай алатын шахматтың кәдімгі классикалық шахматтан біраз айырмашылығы бар. Мәселен, онда 128 торлы тақта болады және үш бірдей қарсыласты жеңуге мүмкіндігіңіз бар. Мұндай ерекше өнердің авторы – танымал өнертапқыш Азат Нұрдәулетұлы.
«Ізденістің басы Президенттен басталған. 80-ші жылдары Дизайн қоғамы құрылған кезде, ол кісі бізге келіп, «сендер неге Қазақстанда жасалды деген бірнәрсе ойлап таппайсыңдар?», деген еді. Ізденіс содан басталды. Қазір осы шахматты құрастырып, патент алғанымызға 10 жылдай болып қалды»,-дейді өнертапқыш.
Жалпы, Азат Нұрдәулетұлы балаларға арналған құрастырмалы киіз үй, жалғыз көзді бағдаршам, сейсмотұрақты кірпіш сынды бірқатар жобалардың авторы. Солардың ішінде баламасы жоқ қазақ шахматы – өнертапқыштың ең озық жаңалығы.
Осыдан бір-екі жыл бұрын Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен лауазымды тұлғалар жиналған еді. Қазақ шахматының қыр-сырына қаныққан олар халықаралық жарыс өткізуге ұсыныс жасапты.
Әзірге, еліміздегі 50-ге жуық мектеп пен жоғары оқу орындары осы ойынды үйрену үстінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00