Басты Жаңалықтар Париждің қоласы бұйырды

Париждің қоласы бұйырды

Париждің қоласы бұйырды

Таеквондодан «French Open» (21-22 желтоқсан) турнирінің алғашқы күнгі белдесулерінде қазақстандық құраманың қоржынына қола медаль түсті.

Лондон Олимпиадасының (2012) қатысушысы Нұрсұлтан Мамаев (58 кг) үшін париждік лицензиялық турнир ресейлік Жанат Искаковты ойсырата жеңумен басталды (7:1), одан кейін хорватиялық Ловре Брекичпен (0:0) татамиге көтеріліп, есеп аша алмаған соң қосымша рануд тағайындалды.

Нәтижесінде Хорватия өкілі жеңілісін мойындауға тура келді. Ширек финалдық бәсекеде Бауыржан Аманқұловтың шәкірті британдық Даррен Чапманды (14:1) айқын басымдықпен жеңсе, одан кейінгі финалдық жолдама үшін болған жекпе-жекте неміс спортшысы Левент Тунчаттан (2:9) қапыда қалды. Нәтижесі – қола!

 

«French Open». - 58 кг. Қорытынды

1. Руй Браганка (Португалия)

2. Левент Тунчат (Германия)

3. Нұрсұлтан Мамаев (Қазақстан), Дилан Челамуту (Франция)

 

confederation.kz

 

Бөлісу