Жанбота Алдабергенова Еуропа Кубогының кезеңінде жеңіске жетті
Италияның Кьеза ин Вальмаленко елді мекенінде фристайлдан Еуропа Кубогының қорытынды кезеңі мәресіне жетті. Жарыстың алғашқы күні шаңғы акробатикасы бағдарламасы бойынша ресейлік Александра Орлова бірінші, украиналық Надежда Мохнацкая екінші, ал қазақ қызы Жанбота Алдабергенова үшінші сатыға орналасты.
Келесі күні спортшылар шаңғы акробатикасы бойынша тағы да сынға түсті. Бұл жолы Жанбота Алдабергенова үздік нәтиже көрсетті. Ресейлік Александра Орлова екінші орыннан көрінсе, оның отандасы Любовь Никитина үздік үштікке ілінді.
Жалпы есеп бойынша, Жанбота Алдабергенова 350 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Александра Орлова Еуропа Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, үшін орын Любовь Никитинаға бұйырды.
Ал жарысқа қатысқан тағы екі қазақстандық спортшы Жібек Арапбаева мен Ақмаржан Қалмұрзаева 28-ші орынды бөлісті.
Фристайл. Еуропа кубогы кезеңі. Вальмаленко (Италия), 21-22 наурыз
Әйелдер. Акробатика.
Бірінші сайыс.
1. Александра Орлова (Ресей) – 150,34.
2. Надежда Мохнацкая (Украина) – 146,17.
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 142,31.
Екінші сайыс.
1. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) – 80,64.
2. Александра Орлова (Ресей) – 72,50.
3. Любовь Никитина (Ресей) – 69,02.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00