Мансұр Бейсембай Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі
Велоспорттан Мансұр Бейсембай Азия чемпионатының кезекті жүлдесін алды.
Әл-Қассим қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан сары құрлықтың додасында қоржынымыз кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін U23 санатындағы ерлер 122,5 шақырымды құрайтын топтық бәсекеде сынға түсті. Нәтижесінде Мансұр Бейсембай мәреге екінші болып жетіп, күміс медальді мойынына тақты.
Айта кетейік, Мансұр Бейсембай бұған дейін жеке сайыста чемпион атанып, командалық бәсекеде күміс жүлдені еншілеген еді.
Азия чемпионаты 12 ақпанда мәресіне жетеді. Биылғы додада Азия құрлығының 22 елінен 621 спортшы жүлдеге таласып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00