Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Медельинде (Колумбия) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Бұл додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, екі алтын, бір күміс және үш қола медаль еншіледі. Нәтижесінде ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы еркін бағдарламада Эдуард Ким қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ал әйелдер арасындағы еркін бағдарламада да қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Жұптық сында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов техникалық бағдарламада қола жүлдеге ие болды. Ал Наргиза Болатова мен Виктор Друзин еркін бағдарламадағы жұптық сайыста үшінші орынға тұрақтады.

Бөлісу