Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде чемпион атанды
Албания астанасы Тиранадағы рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (-50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (-55 кг) алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында -50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанды.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен болатын. Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00