Спорттық медицинаға көңіл бөлінуі керек – Берік Сапарбайұлы
Спорттық медицина және оңалту қауымдастығының директоры, Қазақстандағы алғашқы спорттық медицина журналының бас редакторы Берік Сапарбайұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Спорттық медицина бұл – жалпы медицинаның бір бөлігі. Басты мақсат – спортшылар жаттығу үстінде жарақат алса, оның денсаулыққа зияны тимес үшін алдын алу. Екіншіден кәсіби спортшылардың физикалық резервін ұлғайту».
«Медицинаның бұл түрі елімізде әлі бір жүйеге келмеген. Сол себепті, көптеген спортшыларымыз спорттық медицинаның жетістіктерінен тыс қалып жатыр»,-дейді Берік Сапарбайұлы.
«Біздің қауымдастықтың мақсаты - шетелдің тәжірибесін алып, өзіміздің мамандардың басын қосу. Сондай-ақ, спорттық медицинаның жетістіктерін елімізде кеңінен насихаттау. Соның бір көрінісі – тұңғыш шығып жатқан журналымыз».
«Спорттық медицинаны жүйелі түрде енгізу керек. Ол тәжірибе шетелде бар. тек соны алып келіп, өзімізге орнату қажет. Менің ойымша, бұл аса қиын жұмыс емес, бастысы – көңіл бөлу керек»,-дейді Берік Сапарбайұлы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00