Басты Жаңалықтар Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига турнирінде алтыннан алқа тақты

Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига турнирінде алтыннан алқа тақты

Софья Берульцева қатарынан үш Премьер-лига турнирінде алтыннан алқа тақты

Қытайдың Лэшань қаласында WKF каратэден 2026 жылғы маусымның үшінші Премьер-лига турнирі аяқталды.


Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.


Кумите бағдарламасында аса ауыр салмақта (+68 кг) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, тағы да чемпион атанды. Ол жарыс барысында 5 жекпе-жек өткізді.


Финалда отандасымыз непалдық Арика Гурунгты жеңді. Айта кетейік, бұл спортшылар бұған дейін де 2026 жылғы алғашқы Премьер-лига турнирінің финалында кездесіп, онда да Софья басым түскен.


Осылайша, Берульцева биылғы жеңісті сериясын жалғастырып келеді. Ол бұған дейін Ыстанбұл мен Римде өткен Премьер-лига кезеңдерінде де топ жарған.

Бөлісу