Хоккейден Ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасы 2–8 мамыр аралығында Польшада өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. Бапкерлер штабы Астанада өтетін оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңіне арналған кеңейтілген құрамды жариялады.
Құраманың бас бапкері болып Талғат Жайлауов тағайындалды. Оның жаттықтырушылар штабына «Барыс» жүйесінің тағы екі өкілі: Константин Пушкарёв пен Александр Кудрявцев кірді.
Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», ВХЛ), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс», ҚХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (үшеуі де – «Барыс», ҚХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин, Мәди Диханбек (бәрі – «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі де – «Сарыарқа», Қарағанды), Никита Ломако («Барыс», МЛК), Эдуард Ольденбургер («Qarmet», МЛК), Валерий Орехов («Металлург», ҚХЛ);
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (бәрі – «Барыс», ҚХЛ), Александр Борисевич, Артём Лихотников (екеуі де – «Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский («Polonia Bytom», Польша), Артур Ғатиятов, Саян Данияр, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Абай Мәңгісбаев, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (бәрі – «Номад», Астана), Артур Гросс («Victoria Grizzlies», BCHL), Александр Ким («Эссят», Финляндия), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres»), Никита Михайлис («Металлург», ҚХЛ), Евгений Рымарев («19 Гуменне», Словакия), Асанәлі Сәркенов («Spokane Chiefs», WHL), Тимофей Симонов («Qarmet», МЛК), Леонид Шакенов («Барыс», МЛК), Аркадий Шестаков («Адмирал», ҚХЛ).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы