«Бавария» – «Реал Мадрид»: Тікелей эфир!
8 сәуір күні «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалдың алғашқы матчында «Бавария» «Реал Мадридті» 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде Луис Диас 41-минутта, Харри Кейн 46-минутта гол соқты, ал «Реалдың» жалғыз голын 74-минутта Килиан Мбаппе соқты. Осылайша германиялық команда сырт алаңда жеңіске жетті.
Бұл ойын екі клуб арасындағы 30-шы кездесу болды, олар Еуропа кубоктары тарихында жиі кездесетін қарсыластардың бірі саналады. Бұған дейінгі матчтарда жеңістер саны бойынша сәл басымдық «Реалда» болған.
Сонымен қатар «Реал» Чемпиондар лигасы тарихында 1/4 финалға рекордтық 41-рет шыққан, ал «Бавария» бұл кезеңге 36-рет жеткен. Дегенмен қазіргі Чемпиондар лигасы форматында мюнхендік клуб 1/4 финалға шығу саны бойынша алда тұр.
Қос команданың өзара кездесулерінде де айқын теңдік байқалады, ал соңғы жылдары плей-офф кезеңінде «Реал» басымдық танытып келген. Осы нәтижеден кейін жауапты ойын алдында «Бавария» минималды артықшылыққа ие болып отыр.
Тартысқа толы матчты сағат 23:50-де «Qazsport» телеарнасы мен Qazsporttv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы