«Бавария» жартылай финалға шықты
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта ойында «Бавария» өз алаңында «Реал Мадридті» 4:3 есебімен жеңді.
Есепті алғашқы болып Арда Гюлер ашты, алайда 6-минутта Павлович таразы басын теңестірді. 29-минутта Арда Гюлер қайта алға шығарса, 38-минутта Харри Кейн жауап қайтарды. 42-минутта Килиан Мбаппе тағы да мадридтік клубты алға шығарды.
Екінші таймның соңына қарай Луис Диас 89-минутта есепті теңестірді. Ал 90+4 минутта Майкл Олисе жеңіс голын соғып, матчтың нүктесін қойды.
Қос ойын қорытындысы бойынша есеп 6:4 болып, «Бавария» жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, мюнхендік клуб Чемпиондар лигасында соңғы маусымдарда тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. 2020/21, 2021/22, 2022/23 және 2024/25 маусымдарында команда ширек финалға дейін жетсе, 2023/24 маусымында жартылай финалға дейін көтерілді.
Жартылай финалда «Бавария» Францияның ПСЖ клубымен кездеседі. Алғашқы матч 29 сәуір күні Парижде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы