Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа осы маусым аяқталғаннан кейін қызметінен босатылады. The Athletic басылымының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, клуб басшылығы бапкермен қоштасу туралы шешімді қабылдап қойған.
Бұл шешімге Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавариядан» ұтылуы тікелей себеп болды. 15 сәуір күні өткен қарымта ойында мадридтіктер сырт алаңда 4:3 есебімен жол беріп (жалпы есеп - 6:4), турнирмен қоштасты.
Қазіргі уақытта «Реал» Ла Лигада 70 ұпаймен екінші орында келеді. Клуб басшылығы ішкі біріншіліктегі нәтижені қанағаттанарлық деп тапқанымен, Еуропа аренасындағы сәтсіздіктен соң бапкерге деген сенімін жоғалтты. Маусым аяқталған бойда мадридтік ұжым жаңа бапкер іздеуге ресми түрде кіріспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30