Жібек Құламбаева ITF W50 Баотоу турнирінде чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінде әйелдер жұбы санатында чемпиондық атаққа ие болды.
Ол ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге финалда италиялық Дилетта Черубини мен қытайлық Ченги Юань дуэтін 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Матч бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Қазақстандық теннисшінің еншісінде енді парлы разрядта 37 титул бар. Ол W50, W35 және W15 сериялы турнирлерде жеңіске жеткен. Одиночный разрядта оның сегіз W15 трофейі бар (Сербия, Түркия, Үндістан, Қазақстан және Қытайда).
2021 жылы Жібек Құламбаева жеке рекорд орнатқан - бір маусымда тоғыз парлы турнирдің чемпионы атанған. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Кубок Билли Джин Кинг матчтарына тұрақты шақырылады. Қазіргі уақытта теннисші әлемдік рейтингте парлы разрядта 180-орында, ал одиночный разрядта 395-орында тұр.
Турнир Қытайдың Баотоу қаласында топырақ кортта өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы