Виктория Графеева Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы атанды
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз жергілікті боксшы Ребека Сантоспен кездесті.
Бірінші раундта төрешілер басымдықты қазақстандық спортшыға берді (3:2). Екінші кезеңде бразилиялық боксшы алға шыққанымен (2:3), шешуші үшінші раундта жерлесіміз басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ұлттық құрама өкілі турнирдің алтын медалін иеленді.
Бұл спортшылардың өзара төртінші кездесуі. Осыған дейін отандасымыз Астанада өткен жарыста жеңіске жетсе, кейін Ливерпульдегі ӘЧ-2025 және 2026 жылғы «кіші» әлем чемпионатында қарсыласына есе жіберген болатын. Бұл жолғы жеңіс қазақстандық былғары қолғап шеберіне өзара текетіресте есепті теңестіруге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30