Денис Тен «Олимпиада энергиясы» шоуы үшін еріктілерді іздеуде
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен «Олимпиада энергиясы» шоуы үшін еріктілерді іздеуде. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік парақшаларында хабарлады.
«Шоу кезінде жұлдыздармен жұмыс бойынша еріктілерді алып жатырмыз. Fluent English пен көтеріңкі көңіл-күй міндетті! Жұмыс тәжірибесі болса жақсы. Өздеріңіз туралы мәліметтерді info@denisten.kz мекенжайына жіберіп, хатта «stuff» тақырыбын көрсету керек», - деп жазған.
Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушының «Денис және оның достары. Олимпиада энергиясы» шоуына мәнерлеп сырғанаудан әлемдік жұлдыздар қатысады.
Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Максим Траньков, Татьяна Волосожар мен Эван Лайсачек, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары Мао Асада, Дайсуке Такахаши, Каролина Костнер. Танымал мәнерлеп сырғанаушылар Бриан Жубер, Стефан Ламбьель, Джоани Рошетт пен басқа да спортшылар.
Шоу 29-30 мамырда Алматыда, 1 маусымда Астанада өтеді. Билеттерді Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен «Меломан» дүкендері желісінен алуға болады. Одан жиналған қаржының бәрі Қазақстандағы балалар мәнерлеп сырғанауын дамытуға жұмсалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10