Басты Жаңалықтар Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды

Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды

Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиада ойындарында бокстан салмақ дәрежелерін ресми түрде бекітті.

Бұл шешімге сәйкес, ерлер мен әйелдер арасында толық гендерлік теңдік орнайды әрқайсысына 124 лицензиядан, жалпы саны 248 жолдама беріледі.

Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері:

• 55 кг

• 60 кг

• 65 кг

• 70 кг

• 80 кг

• 90 кг

•+90 кг

Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері:

• 51 кг

• 54 кг

• 57 кг

• 60 кг

• 65 кг

• 70 кг

• 75 кг

Париж-2024 Олимпиадасымен салыстырғанда, ерлердегі салмақ дәрежелері 8-ден 7-ге қысқарса, әйелдерде керісінше 6-дан 7-ге көбейді. Бұл өзгеріс ХОК-тың гендерлік теңдік саясаты аясында қабылданды.

Сонымен қатар, бокстың Олимпиада бағдарламасына қайта енуі World Boxing халықаралық федерациясының жүйелі жұмысының нәтижесі болды.

Бөлісу