Дауылдан Сәтбаев қаласындағы стадион зардап шекті
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында дауылдан «Қазақмыс-Спорт» спорт-сауықтыру кешені футбол стадионының үрлемелі күмбезін жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияда хабарлағандай, төтенше оқиға 19 мамыр күні кешке болған, қазір спорт нысанын қалпына келтіру жолдары қарастырылуда.
«Дауылдан футбол алаңының үстіндегі үрлемелі конструкцияны зақымдады. Соның салдарынан құрылғы жерге құлады. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ. Оқиға болардың аз-ақ алдында алаңда адамдар болған еді. Барлығы сыртқа шығып үлгерді», - деді «Қазақмыс-Спорт» кешенінің директоры Нұрлан Алтынбеков.
ТЖ қызметінің ақпаратына сүйенсек, сол уақытта жел жылдамдығы 23 м/с дейін жеткен.
«Бүгін комиссия құрылды. Құрылғының құлау себебін кейінірек хабарлаймыз. Себебін анықтауға, келтірілген залалдар мен қалпына келтіру шығындарын бағалауға жәрдемдесуге Словениядан өндіруші компания мамандары келеді деп күтудеміз», - деп атап өтті Н. Алтынбеков.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00